Мемлекеттік сатып алудағы айқындық
А.ж. 13 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалжол – Честный путь» марафоны аясында «Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі тазалық» тақырыбына семинар өткізілді.
Іс-шараны Егіндік өлауданының экономика және қаржы бөлімі ұйымдастырды. Семинарға аудан әкімінің орынбасарлары З.Жұматова, Ж.Жақанов, аудандық қызмет басшылары мен мамандары қатысты.
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Придан қатысушыларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тиісінше орындалуы, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтарға жолбермеу туралы түсінікті түрде ақпараттандырды. С.Придан семинар барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.

