Сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның жаңалықтарының бірі
А.ж. ж. 9 қыркүйекте Ақмола облысының әкімдігінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері А.Жаналинов қатысты.
Семинар барысында Департамент өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы, оның алдағы он жылға арналған басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі және сыртқы талдауларын жүргізу тәртібімен таныстырды.
Кездесу соңында А.Жаналинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Іс-шараға 35 шақты адам қатысты.

