Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы

А.ж. 14 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті мен аумақтық басқармалардың ұжымымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қызметкері А.Жаналинов қатысты.

Семинар барысында Департаменттің өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы, оның алдағы он жылға есептелген басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі жіәне сыртқы талдауларын жүргізу тәртібімен таныстырды.

Кездесу соңында А.Жаналинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Іс шараға 50 шақты адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
215

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы - Yvision.kz