Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еңбекшілдер ауданына жұмыс сапары

А.ж. 14 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қары іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы және қызметкерлері Еңбекшілдер ауданына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында Б.Беспалинов Үлгі ауылдық округінің әкімі аппаратымен кездесті, сонымен қатар, ауданның Халыққа қызмет көрсету орталығы мен мемлекеттік кірістер басқармасына барды.

Кездесулерге аудан әкімі, мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық прокуратура, орта мектеп директорлары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Іс-шаралар барысында Департамент басшысы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет имиджін және  мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату мәселелеріне ерекше назар аударды.

Қорытындылай келе, ведомство басшысы кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, сапалы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру қоғам мен мемлекеттің бірлесе әрекетіне байланысты екенін атап көрсетті.

Сол күні  Департаменттің бас маманы Д.Каконов мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың сапары аяында аудандық аурухана ұжымымен және білім мен мәдениет өкілдерімен кездесіп, жемқорлыққа қарсы  мәдениетті және құқықбұзушылықтың барлық түріне «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша ақпарат беріп, қазіргі таңда жемқорлық  салдарымен күрестен жемқорлықтың алдын алуға басымдылық беріліп өтырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Департаменттің бас маманы Ә. Тиесов мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, мемлекеттік қызмет, Е-қызмет, тәлімгерлік және т.б. жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

             
0
0
389

Осы тақырып бойынша

Еңбекшілдер ауданына жұмыс сапары - Yvision.kz