«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру сұрақтары» тақырыбында интернет-конференция
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласының және Ақмола облысының тұрғындарын ағымдағы жылдың 22-қараша сағ. 15.00-18.00 аралығында Департаменттің Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру сұрақтары» тақырыбында интернет-конференция өтетіні туралы хабарландырады.
Сіздердің сұрақтарыңызды, электронды мекен-жайыңызды көрсете отырып (жауап жолдау мақсатында), осы хабарламаға комментарий ретінде орналастыруыңызды сұраймыз.
Құрметпен, Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы.
