Мемлекеттік қызметтегі тәлімгерлік институтының даму тәжірибесі жөнінде
А.ж. 15 қарашасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығымен бірлесіп тәлімгерлер резервіндегі тұлғалардың, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерге арналған қайта даярлау легі тыңдаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Орталық директорының орынбасары А.Бекентаева дөңгелек үстел қатысушыларын тәлімгерлік қызметтің дағдыларын оқыту бойынша орталық негізінде арнайы ұйымдастырылған курстың мақсаттарымен таныстырып өтті. А.Бекентаева тыңдаушыларға қазіргі заманның ағымына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби тұрғыда үнемі жетілдірілуі қажеттілігін айтты.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы М.Атамбаева өз сөзінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысы тікелей мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен байланысты екендігіне ерекше назар аударды. Тиімділік пен кәсібилікті арттырудың маңызды элементі болып табылатын тәлімгерлік институты жөнінде баяндады. Сөз соңында мықты мемлекеттің болашағы жас қазақстандықтардың қолында екендігін ескеріп, тәлімгердің басты міндеті мемлекеттік қызметшінің бойында нәтижелі қызметті атқару үшін қажетті қабілетті тәрбиелеу болып табылады.
Іс-шараның екінші бөлігі ашық диалог түрінде өтті, оның барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. Г.Евниева қатысушылардың барлық сұрақтарын талқылап жауап берді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына 65 адам қатысты.
