Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бақылау-қадағалау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері

2017 жылдың 17 қарашасында «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Бақылау-қадағалау саласында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Басты мақсат – бақылау-қадағалау және рұқсат беру функцияларын іске асыру барысындағы дискрециялық өкілеттіктер мен жемқорлық тәуекелдерін осы функциялар  жүктелген жергілікті мемлнекеттік органдардың қатысуымен талқылау.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттгінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Д.Хайруллин,  Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының өкілі, бақылау-қадағалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдар қатысты.

Кездесу барысында Д. Хайруллин тыңдаушылардың назарын сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі болып саналатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүргізуге аударды.

Іс-шараға 40 адам қатысты.

0
0
664

Осы тақырып бойынша

Бақылау-қадағалау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері - Yvision.kz