Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Үздік тәлімгер» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды

Мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату, тәлімгерлік саласындағы жоғары кәсіби білімі мен дағдылары бар мемлекеттік қызметшілерді айқындау және мадақтау мақсатында а.ж. 20 қазаны мен 8 қарашасы аралығында «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубының 10 жылдығы аясында «Үздік тәлімгер» облыстық байқауы өткізілді.

Ережеге сәйкес конкурс қатысушылары шәкірттерімен бірлесіп, тәлімгердің өмірлік және кәсіби ұстанымдары ашылатын видеопрезентацияларын және «Менің тәлімгерім» тақырыбына жазған эсселерін ұсынды.

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес І орынға Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабек ие болды. Әлеуметтік желілердегі дауыс берудің қорытындысы бойынша «Аймақтың үздік қолдауы» номинациясын Еңбекшілдер ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бахтияр Мұстафин жеңіп алды.

 
0
0
1304

Осы тақырып бойынша

«Үздік тәлімгер» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды - Yvision.kz