Білікті болу заман талабы
А.ж. 17 қарашада «Нұр Отан» партиясы Департаментпен бірлесіп мемлекеттік органдардың және мемлекеттік органдардың арасында өңірлік байқау өткізді.
Байқау үш аталым бойынша өткізілді: «Үздік департамент» (Басқарма, Бөлім)», «Мамандығы бойынша үздік», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбы бойынша үздік жұмыс».
Байқаудың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттік органдардың кадрларын нығайту, мемлекеттік қызметшінің кәсіби шеберлікті үздіксіз жетілдіруге және қызметінің тиімділігін көтеруге қызығушылығын арттыру, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру.
Байқау шарттары бойынша бірінші кезеңде қатысушылар Қазақстан Республикасы заңдарын білу деңгейіне тестілеуден өтті. «Визит карточкасы» деп аталатын екінші бөлімде әр қатысушы шығармашылқ қабілеттерін көрсете отырып, өзі және өзінің мемлекеттік органы туралы айтып берді.
Байқау нәтижелері бойынша, «Үздік бөлім» аталымы бойынша Астрахан және Бурабай аудандарының ішкі саясат бөлімдері, «Мамандығы бойынша үздік» аталымы бойынша Егіндікөл аудандық мәслихатының бас маманы Наталья Голодрыга мен Целиноград ауданы әкімдігінің бас маманы Мәнсүр Әпсәмет бас жүлделерді жеңіп алды.
