Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум

А.ж. 28 ақпанда Көкшетау қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті. Форумға қатысушылар қазіргі қоғамның ең басты проблемаларының бірі болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әдістерін талқылады.

Форумның мақсаты – азаматтардың, бизнес-құрылымдардың құқықтарымен заңды мүдделерін  сыбайлас жемқорлық көріністерінен  қорғаудағы азаматтық қоғам мен БАҚ-тың рөлін азаматтық қоғамның ықпалын күшейту арқылы  арттыру

Форумның жұмысына қоғам қайраткері М. Әбенов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н. Нұркенов,  «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері және т.б. қатысты.

Қоғам қайраткері М. Әбенов өз сөзінде Грузия республикасындағы сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл тәжірибесімен таныстырды.

Іс-шараға 320 адам қатысты.Департамент госслужбы

0
0
544

№16 орта мектептің оқушыларымен кездесу

А.ж. 28 ақпанда мектеп ортасында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Көкшетау қ. «№16 орта мектеп» КММ   директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен және оқушыларымен  кездесу өтті.

Кездесу барысында «Адал Ұрпақ» мектеп клубының жұмысы талқыланды. сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әдіс-тәсілдері түсіндірілді, сонымен бірге, оқушылардың тақырыпқа сәйкес бейнероликтер ұсынылды.

Іс-шараға 20 адам қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
607

Жолдау Сандықтау ауданында түсіндірілді

А.ж. 24 ақпанда Департамент басшысы Б. Беспалинов ақпараттық-насихаттық жұмыс аясында Сандықтау ауданында бірқатар көшпелі кездесулер өткізді. Іс-шара аясында Б. Беспалинов мемлекеттік қызметшілермен, Балкашино ауылындағы аудандық орта мектептің педагогикалық ұжымымен, Лесное ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында азаматтардың қабылдауын жүргізді. Б. Беспалинов өз сөзінде Елбасы Жолдауда адами капиталдың өмір сүру сапасын жақсартудың басымдықтары, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған шараларды қабылдау қажеттілігі туралы баяндағанын атап өтті. Іс-шараға аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шараларға 155 адам қатыс…

0
0
236

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру мәселелері жөнінде

А.ж. 24 ақпан күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік бақылау қағидаларының нормаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді. Іс-шара барысында орталық мемлекеттік органдарының және жергілікті атқарушы органдарымен 2016 жылы бойынша мемлекеттік қызмет сапасына бақылау жүргізудің қорытындалары туралы ақпаратымен мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Д.Жүсіпова таныстырды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мемлекеттік бақылау қағидаларымен мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджанов таныстырып өтті. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ұсыну тәрті…

0
0
557

«Жолдау – елдің ілгері дамуының кепілі» арнайы сюжет

А.ж. 16 ақпанда Департамент басшысы Б. Беспалинов Бұланды ауданына  жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Департамент басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау мақсатында аудан активімен кездесті.

Б. Беспалинов өз сөзінде  Елбасы белгілеген бес негізгі басымдықтың орындалуы экономиканың барлық салаларының қарқындап өсуін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, Департамент басшысы жұмыс сапары аясында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында азаматтардың қабылдауын жүргізді және Аққайың ауылының тұрғындарымен кездесті.

1
0
373

Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

А.ж. 17 ақпанда Департаменттің бас маманы Д. Каконов Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлерімен кездесті.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әдістері баяндалды, сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетілді. Кездесу барысында қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі түсініктемелер мен жауаптар берілді.

Іс-шараға 35 адам қатысты.

1
0
264

«Есіктен есікке» акциясы бастау алды

А.ж. 16 ақпанда Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев Көкшетау  қаласының мемлекеттік мекемелерінің, коммуналдық ұйымдарының басшыларымен және қалалық автобус парктерінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында қоғамдық орындарда, сауда-ойын сауық орталықтарында, автобус көліктерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сонымен қатар қалалық коммуналдық кәсіпорындардың квитанцияларында басып шығару арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар мен ақпараттық парақтарды тарату мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындылары бойынша қатысушылар Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар мен ақпараттық парақтарын тарату жөніндегі бастамасын бірауыздан  қолдады.

1
0
1175

Ш. Уәлиханов атындағы университеттің студенттерімен кездесу

А.ж. 16 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын жастарға түсіндіру және талқылау, Елбасы Жолдауы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар, мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөнінде ақпараттандыру мақсатында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы, қалалық мәслихаттың депутаты Т.М. Ысқақов, жастар саясаты басқармасының жастарды және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы А. Шәкімжанова қатысты. Кездесу қызықты өтті, студенттер б…

1
0
293

Бұланды ауданының тұрғындарымен кездесу

А.ж. 16 ақпанда Департамент басшысы Б. Беспалинов Бұланды ауданына  жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Департамент басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау мақсатында аудан активімен кездесті.

Б. Беспалинов өз сөзінде  Елбасы белгілеген бес негізгі басымдықтың орындалуы экономиканың барлық салаларының қарқындап өсуін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, Департамент басшысы жұмыс сапары аясында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында азаматтардың қабылдауын жүргізді және Аққайың ауылының тұрғындарымен кездесті.

Іс-шараларға 130 адам қатысты.

1
0
294

Мектеп оқушыларымен кездесу

А.ж. 14 ақпанда Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында Застанционный кентінідегі қалалық кітапханада Көкшетау қ. №14 орта мектебінің оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әдіс-тәсілдері түсіндірілді, сонымен бірге, оқушылардың тақырыпқа сәйкес бейнероликтер ұсынылды. Кездесу барысында қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Іс-шараға 48 адам қатысты.

1
0
740