Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ш. Уәлиханов атындағы университеттің студенттерімен кездесу

А.ж. 16 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын жастарға түсіндіру және талқылау,  Елбасы Жолдауы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар, мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөнінде ақпараттандыру мақсатында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуге Департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы, қалалық мәслихаттың депутаты Т.М. Ысқақов, жастар саясаты басқармасының жастарды және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы А. Шәкімжанова қатысты.

Кездесу қызықты өтті, студенттер белсенді қатысып, сұрақтар қойды және өз ойларымен бөлісті.

1
0
294

Осы тақырып бойынша

Ш. Уәлиханов атындағы университеттің студенттерімен кездесу - Yvision.kz