«Есіктен есікке» акциясы бастау алды
А.ж. 16 ақпанда Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев Көкшетау қаласының мемлекеттік мекемелерінің, коммуналдық ұйымдарының басшыларымен және қалалық автобус парктерінің өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында қоғамдық орындарда, сауда-ойын сауық орталықтарында, автобус көліктерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сонымен қатар қалалық коммуналдық кәсіпорындардың квитанцияларында басып шығару арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар мен ақпараттық парақтарды тарату мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындылары бойынша қатысушылар Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар мен ақпараттық парақтарын тарату жөніндегі бастамасын бірауыздан қолдады.

