«Жолдау – елдің ілгері дамуының кепілі» арнайы сюжет
А.ж. 16 ақпанда Департамент басшысы Б. Беспалинов Бұланды ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Департамент басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау мақсатында аудан активімен кездесті.
Б. Беспалинов өз сөзінде Елбасы белгілеген бес негізгі басымдықтың орындалуы экономиканың барлық салаларының қарқындап өсуін қамтамасыз ететінін атап өтті.
Сонымен қатар, Департамент басшысы жұмыс сапары аясында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында азаматтардың қабылдауын жүргізді және Аққайың ауылының тұрғындарымен кездесті.
