Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Ашық есіктер күні

2017 жылдың 17 ақпанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ әрекеттесу шенберінде Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті базасында «Ашық есіктер күні» өткізілді. Онда Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ә.Қ. Мұхамеджанов қытысты.

Іс-шара барысында кеңеске 4 азамат жүгінді, оларға тиісті кеңестер мен түсініктемелер берілді.

Осындай іс-шаралар бұдан-әрі ай сайын өтетін болады.

1
0
428

Ақмола облысында «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестациялау туралы арнайы сюжет

Ақмола облысында «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер кешенді аттестациялаудан өтуде. 4 мыңға жуық маман 220 сұраққа 2 сағаттың ішінде жауап беруі тиіс. Бір күнде 136 мемлекеттік қызметкер сынақ тапсырады. Бүгінге дейін аймақтағы мемлекеттік қызметкерлердің 648-і сынақтан өткен. Олардың 85-і ғана аттестациядан «өте үздік» деген баға алса, көбісі «тиімді» деген бағаға жауап берген.

0
0
363

Білім саласындағы қызметкерлермен кездесу

А.ж. 14 ақпанда Департаменттің қызметкері  А. Галеева сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша филиалында білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен « Білім саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында   (әлеуметтік бейнероликтердің көрсетілімімем) дәріс өткізді.

Іс-шараға 76 адам қатысты.

0
0
330

Агенттік БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды.

Байқау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған.

Байқауға қатысу үшін  2017 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдері қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.

Материалдар казақ немесе орыс тілдерінде төмендегі номинациялар бойынша қабылданады:

-         «Үздік телевизиялық жұмыс»;

-         «Үздік баспа жарияланымы»;

-         «Үздік интернет жарияланымы».

Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын 2017 жылдың 1 маусымын қоса алғанға дейінгі мерзімде қабылдайды. Байқаудың нәтижесі құжаттар қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін қорытындыланатын болады.

Байқаудың нәтижесін қорытындылау кезінде келесі аспектілер ескерілетін болады:

-         материалдардың өзектілігі және көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

-         мәселені талдаудың жаңашылдығы мен тереңдігі, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері;

-         мазмұндау стилі;

-         авторлық тұжырымдаманы беру мәнері және дербестігі.

Байқауға қатысу үшін материалдар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, , Абай даңғылы, 33а, 12-қабат,1205 кабинет, тел.: +7 (7172) 75-32-02, 75-34-08, сот: +77027437177, эл.пошта: [email protected]

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбындағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы үздік журналисттік жұмыстарға байқау (бұдан әрі – Байқау) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында өткізіледі.

2. Жеңімпаздарды айқындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (ары қарай – Агенттік), басқа да мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

 

2. Байқауға қатысу шарттары

 

3. Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ журналисттері шақырылады.

4. Байқауға қатысуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған  материалдар (бағдарламалар, деректі фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар) қабылданады.

2017 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері қабылданады.

5. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.

6. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

 

3. Байқаудың өту кезеңдері

7. Байқау туралы хабарландыру.

Республикалық және жергілікті БАҚ-та мемлекеттік және орыс тілдерінде Байқауды өткізу туралы хабарландыру және оған қатысу шарттары жарияланады.

8. Байқау материалдарын қабылдау.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.

Ақпараттық агенттіктердің журналисттері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылғы 1 маусым.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.

Байқау материалдары Агенттіктің мекен-жайына 2017 жылғы 1 маусымға дейін келіп түседі.

9. Байқау материалдарын қарау.

Байқау материалдарын қарауды материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін байқау комиссиясы жүзеге асырады.

Байқау комиссия ұсынылған материалдарды келесі шарттар бойынша қарайды:

1) көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

2)   мәселені талдаудың тереңдігі және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мәдениетті қалыптастыруға әсері;

3)   мазмұндау стилі;

4)   авторлық тұжырымдаманың дербестігі.

10. Қорытындылау.

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша бірінші, екінші, үшінші орын алған үздік жұмыстарды анықтайтын Байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:

1)   Үздік телевизиялық жұмыс;

2)   Үздік баспа жарияланымы;

3)   Үздік интернет жарияланымы.

5. Байланыс ақпараты

 

010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Абай даңғылы, 33а, 12-қабат, 1205 кабинет, тел.: +7 (7172) 75-32-02,     75-34-08, сот: +77027437177, эл.пошта: [email protected]

1
0
508

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру жөнінде оқыту семинар өткізілді

Ү.ж. 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодекстің негізгі аспектілерін түсіндіру жөнінде Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында аппараттық оқыту семинар өткізді.

Семинар қатысушыларына мемлекеттік қызметшілер жол берген Әдеп кодексінің бұзушылықтары туралы тақырыптық ролик көрсетіліп, қойылған сауалдарға жауап берілді.

Семинар жұмысына 18 адам қатысты.

0
0
474

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мониторингтің басталуы туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР «Атамекен» Ұлттық палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімді    іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойылғаны белгілі.

Жол картасы аясында: денсаулық сақтау саласынан бастап, жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызметті дамытуы, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, көліктік бақылау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ЖАО жүргізетін мемлекеттік сатып алу, салықтық және кедендік әкімшілендіру, табиғатты пайдалану және экология, ветеринариялық және санитарлық-экологиялық қадағалау, өртке қарсы және өнеркәсіптік қауіпсіздік,  сот актілерін орындау саласына дейін,  16 салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға талдау жүргізу көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында ақпаратты барлық қолжетімді дерек көздерінен  жинау жоспарланып отыр (Департаментке және кәсіпкерлер палатасына келіп түскен өтініштер, мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың ресми хаттары, кәсіпкерлерден жұмыс тәртібімен ұсынылған мәліметтер, БАҚ-та шыққан материалдар, жалпыға қолжетімді деректер базасы және т.б. ).

Аталған салалар бойынша талдау тек жекелеген өңірлерде ғана емес, Қазақстанның барлық аймақтарында жүргізілетін болады. Атап айтқанда, Ақмола облысы жер қатынастары және көліктік бақылау салаларының мониторингі мен талдауын жүргізетін болады.

Барлық қызығушылық танытқан мәселелер бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен 8 (716 2) 40-28-66 телефоны, [email protected] электрондық почтасы, сонымен қатар, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасымен 8 (716 2) 72-25-37, 72-25-38, 72-25-44 телефондары, сондай-ақ, [email protected], [email protected], [email protected], [email protected] электрондық почталары арқылы хабарласуға болады.

0
0
415

«Өзекті әңгіме» — «Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту»

А.ж. 7 ақпанда  Департамент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі мен құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын  жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар («Қазақстан-2050»  Стратегиясы; Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  2017ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы және т.б. ) арқылы қалыптастыруға бағытталған медиа жоспардың аясында «Қазақстан РТРК» АҚ Ақмола филиалының телеарнасында «Актуальная тема» телехабарында  тікелей эфир ұйымдастырды. Телехабарға Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджанов қатысты.

Әңгіме барысында телекөрермендердің назарына мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі аспектілері туралы  ақпарат жеткізілді.

«Актуальная тема» телехабары  https://www.youtube.com/watch?v=KpqrcPxdquU&feature=youtu.be сілтемесі (если много ссылок, то - сілтемелері) бойынша қолжетімді.

0
0
387

«Өзекті әңгіме» — «Мемлекеттік қызметтің Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясындағы міндеттері»

А.ж. 31 қаңтарда  Департамент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі мен құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын  жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар («Қазақстан-2050»  Стратегиясы; Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  2017ж. 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы және т.б. ) арқылы қалыптастыруға бағытталған медиа жоспардың аясында «Қазақстан РТРК» АҚ Ақмола филиалының телеарнасында «Актуальная тема» телехабарында  тікелей эфир ұйымдастырды. Телехабарға Департамент басшысының орынбасары Е. Жайықбаев қатысты.

Әңгіме барысында телекөрермендердің назарына мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп отырған реформалардың негізгі аспектілері туралы  ақпарат жеткізілді.

«Актуальная тема» телехабары   https://www.youtube.com/watch?v=zQ8NlQD_Sto сілтемесі (если много ссылок, то - сілтемелері) бойынша қолжетімді.

0
0
427

Алдын алу маңызды

А.ж. 10 ақпанда Департамент қызметкерлері М.Ахметқалиев пен М.Сабуров Ақмола облысының мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының ұжымымен  семинар-дәріс өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық жөніндегі ақпараттандыру деңгейін арттыру және  бұл көріністің алдын алу мен болдырмауға  азаматтардың өздерін тарту.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың ішкі талдауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді. Шараға 7 адам қатысты.

 
0
0
399

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы

2017 жылғы 10 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тапсырмасы негізінде департамент басшысының 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығымен құрылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының алғаш отырысы өтті.

Іс-шара барысында департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Әділбек Қайырболатұлы Мұхамеджанов 2016 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге бақылауды жүзеге асыру туралы сөз сөйледі, сонымен қатар мемлекеттік қызмет сапасына қоғамдық мониторинг қорытындыларымен департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Динара Ільясқызы Жүсіпова таныстырып өтті.

Сонымен бірге, бағыныстағы салада мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндамамен Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Григорьевич Гамазов, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды ұйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Кәрімқызы Жапарова, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинетінің меңгерушісі Роза Рәхметқызы Урстембаева және Көкшетау қаласы әділет басқармасының басшысы Қият Шорманұлы Сандыбай тындалды.

Іс-шара қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.

0
0
543