Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Жемқорлық және қоғам

А.ж. 16 наурызда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында  Зеренді ауданы Чаглинка ауылының «Агробизнес» колледжінде «Жемқорлық және қоғам» тақырыбында пікірсайыс ойыны өтті.

Іс-шараның мақсаты –сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мемлекеттік саясатты дәріптеу, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық мәдениетті дамыту және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Ойын «Линкольн-Дуглас» форматында өткізілді. Қарсыластардың әрқайсысы көрермендерге өзінің көзқарасының дұрыстығын дәлелдеуге тырысты.

Ойынға қатысушылар - «Агробизнес» колледжінің студенттері.
Департамент госслужбы

0
0
374

Прокурор азаматтарды қабылдады

15 наурызда «Нұр Отан» партиясының Зеренді аудандық филиалында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді ауданының прокуроры К.Х. Рамазановпен азаматтардың заңды қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Азаматтардың қабылдауында Зеренді ауданының бизнес өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында кәсіпкерлер өздерінің қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды және де бизнесті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды, ұсыныстары енгізілді.

Азаматтардың бірқатар мәселелері бақылауға алынды, бірқатарлары бойынша сол жерде түсініктемелер берілді.
Департамент госслужбы

0
0
254

«Конвертте хат қана болуы керек!»

А.ж. 15 наурызда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді ауданында «#Антикоррупция»: «Конвертте хат қана болуы керек!» акциясы өткізілді.

Акцияны Зеренді ауданы әкімінің аппараты бастады, шараны әрі қарай семинарға келген дербес бөлімдер мен ауылдық округтердің қөызметкерлері жалғастырды. Зеренді аудандық орталық ауруханасының медициналық қызметкерлері акцияны аурухана аумағында өткізді.
Департамент госслужбы

0
0
530

«Адал жол» Зеренді ауданында

А.ж. 13 наурызда   «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Көкшетау қаласынан Зеренді ауданына тапсырылды.

Облыс орталығы мен Зеренді ауданының шекарасында салтанатты түрде Зеренді ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Э. Боканова Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А. Әміреновадан марафонның тақырыптық баннері мен фотоальбомын қабыл алды.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауданда конференциялар, спорттық іс-шаралар, байқаулар,дөңгелек үстелдер және т.б. шаралар өткізілетін болады.

Марафон Зеренді ауданында ағымдағы жылдың 14-26 наурызы аралығында өткізіледі.
Департамент госслужбы

0
0
371

Бұл бізге қатысты

Қазіргі уақытта елімізде Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі «100 нақты қадам»   Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде, оның біріншісі «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» болып табылады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңының   маңызды аспектісі оның базалық нормаларының құқық қорғау органдарына да таралуымен байланысты.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған Заңның, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде олардың жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, уәкілетті органда тесттен өтетіні туралы баяндалатын нормасы қолданысқа енгізіледі. Яғни құқық қорғау органдарына алғаш рет орналасатындар үшін іріктеу тәртібі әкімшілік мемлекеттік қызметке ұқсас болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес келесі жылдың басынан бастап құқық қорғау қызметіне түсу үшін үміткерлер заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуден, жеке қасиеттерін бағалаудан және әңгімелесуден үміткердің өтінішінде көрсетілген тестілеу бағдарламасы бойынша өтеді.

Құқық қорғау органдарына іріктеуге арналған жаңа механизм барлық органдарға бірыңғай белгіленген 3 тестілеу бағдарламасынан құралған. Заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеу кандидаттардың теориялық білімін анықтауға бағытталған. Бірінші бағдарлама жоғарғы басқарушы құрамға арналған және 9 құқықтық нормативтік актілерінен тұрады. Кандидаттарға қойылған 135 сұрақтын 95 дұрыс жауап беру қажет. Екінші бағдарлама орташа басқарушы құрамының лауазымдарына анормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар бар. Аталған бағдарлама бойынша 105 сұрақ қойылады, сонын ішінде 63 дұрыс жауап берілуі тиіс. Үшінші бағдарлама кіші басқарушы және қатарлы құрамына арналған және 5 заңнан тұрады. Бұл бағдарлама бойынша ең аз дегенде 75 сұрақтың 35 жауап беру қажет. Тестілеу нәтижесі бойынша сертификат беріледі, бұл құжат бір жыл ішінде жарамды.

Заңнамадан тестілеу қорытындысы бойынша сертификатты алған үміткерлер екі бағдарламадан тұратын тест нысанындағы жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.  Бірінші бағдарламасы бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті айқындауға бағытталған 120 сұрақты қамтиды,  орындау уақыты 90 минутты құрайды. Екінші бағдарлама бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті айқындауға бағытталған 96 сұрақты қамтиды, орындауға 75 минут беріледі.  Жеке қасиеттерін бағалау бойынша арнайы қорытынды беріледі. Жеке қасиеттерін бағалау үміткерлердің мықты жақтары мен кемшіліктерін, үміткерлердің қабілеттіліктерін анықтап, соның ішінде, азаматтардың қажеттілік мүдделеріне және қасиеттеріне хабардар болуын,  адамдармен жұмыс істеу қабілеттерін, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, әдептілігі мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін анықтауға көмектеседі.

Тестілеу нәтижесі бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау бойынша қорытынды үміткерлерге барлық құқық қорғау органдарында өткізілетін байқауға қатысуға құқық береді.

Тестілеуден өту үшін  электрондық үкімет порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алдын-ала жазылу қажет. Үміткердің өзіне ыңғайлы уақытын, өту күнін және қаланы белгілеу мүмкіндігі бар. Тестілеу Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде және оның аумақтық бөлімшелерінде  өткізіледі.

Процедураның айқындығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында тестілеу залдары мобильді байланысты бәсендету  құралдымен,  үміткерді айқындау мақсатында  кард-ридерлермен, әрбір жұмыс орны үміткерді фотоға түсіру мақсатында және тестілеу процессінің бейне жазбасын жүргізу үшін веб-камераларымен жабдықталған. Тестілеуге Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын жеке сәйкестендіру құжаты бар үміткерлер қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев  2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында XXI ғасырда дамудың басты факторы институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік  және сыбайлас жемқорлықпен күрес   екендігін айтып өтті.

Елбасы алдымызға анық міндет қойды: қоғамның барлық топтарын тарта отырып, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын  анықтау және жою жөніндегі жұмысты күшейту. Бұл мәселенің ойдағыдай шешім табуы еліміздің сыбайластық пен протекционизмнен ада, жарқын болашағы толғандыратын әр азаматтың мүддесі болып табылады.

Сондықтан, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған жұмыстың, құқық қорғау органдарына орналасу тәртібіне енгізіліп отырған, құқық қорғау қызметтерінің қызметкерлері арасында жоғары моральдық-адамгершілік ахуалды қалыптастыруға бағытталған  жаңалықтар мен өзгерістердің маңызы зор.

ҚР МҚІСЖҚ ІҚА  Ақмола облысы бойынша департаментінің

мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы

Р. БратаеваДепартамент госслужбы

0
0
426

«Жемқорлыққа жол жоқ!»

2017 жылдың 1 наурызы күні, Көкшетау қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ 2017» жобасы басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақмолалықтардың мәдениетің қалыптастыру болып табылады. Осы жоба аясында 2017 жылы 11 наурыз күні Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы Zello автоәуесқойлар клубымен бірлесіп автошеру өткізді. Осы автошеруге шамамен 15 автомобильдер мемлекеттік, «Адал ол» және «Жемқорлыққа жоқ» қарсы көрсететін ұрандар  туларымен қатысты. Автошеру маршруты Абай көшесіндегі Флагштоктан басталдыжәне қаланың орталық көшелерін қамти отырып Тәуелсіздік алаңында тоқтады қайда «Жемқорлыққа жоқ» жастар флэш – мобы басталды. Флэш – мобқа Көкшетау қаласының жалпы білім беріу мектептерінің оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру орындарының студенттері қатысты.Сәлемдесу сөздерімен Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығының директоы Белгібаева Анаргүл мен Ақмола облысы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының міндетін атқарушы Ахметқалиев Мәлік Сабырғалиұлы сөз сөйледі.
Департамент госслужбы

0
0
1029

Ақмола облысының ұстаздары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ісінде бірыңғай көзқарас танытуда

А.ж. 3 наурызда Департамент басшысы Б. Беспалинов Ақмола облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысына қатысты.

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған өзінің кезекті  Жолдауында бес басты басымдықты белгілегені өздеріңізге белгілі, олар: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту және институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Сонымен қатар, Елбасы өскелең ұрпақтың рөлін ерекше атап өтті. Атап айтқанда, еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуі қазақстандық жастардың қолында, сол себепті жастарға үлкен жауапкершілік жүктеледі.»  - деп атап өтті Б. Беспалинов.

Департамент басшысы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде барлық қоғамның белсене араласуының маңыздылығы жөнінде және рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттілігіне  жиналғандардың назарын аударды

Іс-шараға 150 адам қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
416

Әдеп жөніндегі кеңес отырысы

2017 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары Л.Ж. Дүйсеновке және «Жарқайың ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің басшысы А.А. Хасеноваға қатысты тәртіптік істер қаралды, олар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзды.

Сондай-ақ, Бурабай ауданы Бурабай кентінің әкімі Ч.Н. Темербековке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзды.

Одан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы Е.О. Есіркеповтың, Зеренді ауданы әкімінің м.а. Е.Қ. Жүсіпбековтың, «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің басшысы Н.М. Мұқановтың қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және қызметтік әдеп норма бұзушылықтарын алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары туралы есептері тыңдалды.

Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдарды қабылдады.
Департамент госслужбы

0
0
287

Ақмола облысының арнайы білім беру ұйымдарының ұстаздарымен кездесу

А.ж. 1 наурызда Департаменттің қызметкері  А. Галеева сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақмола облысы бойынша филиалында Ақмола облысының арнайы білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен «Білім саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері» тақырыбында   (әлеуметтік бейнероликтердің көрсетілімімем) дәріс өткізді.

Іс-шараға 65 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
481

«Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алды

А.ж. 1 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының бастау алуына арналған брифинг өтті.

Марафон 1 наурыздан бастау алады және жылдың аяғына дейін өтеді. Дүние жүзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде атап өтілетін 9 желтоқсан  күні Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда марафонның нәтижелері  жарияланады.

Марафон барысында: дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар, КВН-дар, викториналар, пікірсайыстар, дебаттар, флешмобтар және жұмыстың т.б. түрлі нысандары іске асырылатын болады. Іс-шараларға  мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап, халықтың барлық топтары қатысады деп жоспарлануда.

Облыстық марафонның қорытындылары бойынша өңірлердегі үздік іс-шаралар қамтылған  деректі бейнеролик түсіру  жоспарланып отыр. Барлық жұмыс сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын жасауға және қоғамда сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталады.

Облысымыздың барлық өңірлерінде  2016 жылдың  1 сәуірінен 9 желтоқсанына дейін өткен «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының   аясында Ақмола облысы тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға бағытталған 380-нен     астам іс-шара өткізіліп, оларға 40 мыңнан астам ақмолалықтың қатысқанын атап өткен жөн. 2016 жылдың 9 ақпанында Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адал жол-Честный путь» форумы өтті. Форумда  Марафонның қорытындылары шығарылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру ісіне қосқан үлесі  үшін бірінші, екінші және үшінші орындар үшін құрмет грамоталарымен Астрахан, Жақсы, Ерейментау аудандарының белсенділері марапатталды.Департамент госслужбы

0
0
480