Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Мәслихат отырысында Департаменттің 2016 жылғы қызметі туралы айтылды

А.ж. 29 наурызда Департамент басшысы Б. Беспалинов Ақмола облыстық мәслихатының  VIII сессиясына қатысты.

Отырыс барысында Департамент басшысы жиналғандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыспен таныстырды.

2016 жылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұжымдарымен сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне талдау жүргізудің негізгі тетіктерін  түсіндіру және  талқылау аясында 9 семинар-кеңес және 26 кездесу өткізілді.

«Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріндегі қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған белсенді шаралар қолданылды. Жұмыс барыснда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінді. 400-ден астам білім беру және ғылыми-тәжірибелік және 45 бұқаралық іс-шара өткізіліп, оларға 65 мыңнан астам адам қатысты», - деп хабарлады Б. Беспалинов.

Сөзін қорытындылай келе, Департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің оған қоғамның барлық мүшелері қатысқан жағдайда ғана тиімді болатынын атап өтті.

Департамент госслужбы

0
0
333

Аппараттық кеңесте аттестацияның үшінші кезеңі – әңгімелесуден өту мәселесі қаралды

А.ж. 29 наурызда өңір басшысы М.К. Мырзалиннің төрағалық етуімен Ақмола облысы әкімдігінің отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Департамент басшысы Б. Беспалинов, облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалардың, департаменттер мен ведомстволардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Б. Беспалинов «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудың  үшінші кезеңі – әңгімелесуден өту мәселесіне бірегей аттесттаттау комиссиясының төрағалары болып табылатын аудан және қала әкімдерінің, облыстық басқармалардың, департаменттер мен ведомство басшыларының назарын аударды.

Департамент госслужбы

0
0
310

Халық алдына шықты

Департамент госслужбы

А.ж. 28 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жөніндегі ақпараттық мобильді топ кезекті сапарға шықты.

«Парасыз болашаққа. Бірге!»  мобильді тобы жұмысын облыс орталығының темір жол вокзалының алаңынан бастады. Мобильді топқа назар аударған қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлық фактілеріне кезіккен жағдайда не істеу керек, қайда жүгіну қажеттігі туралы толыққанды, анық ақпарат жазылған шағын кітапшалар таратылды.

Мобильді топтың жұмысына Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Ақмола облысы бойынша департаментінің  өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Ақпараттық мобильді топтың кезекті сапары «Greenwich» бизнес-орталығының жанында аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жөніндегі ақпараттық мобильді топ өз жұмысын аптасына екі рет және тек облыс орталығында ғана емес, өңірлерде де жүргізетінін атап өткен жөн.

0
0
377

Персоналды басқару қызметтеріне арналған семинар ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасын жүзеге асыру барысы» тақырыбына  жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтеріне  арналған семинар өткізілді.

Іс-шараның модераторы - Департаменттің басшысы Б.Беспалинов іс-шараның мақсатын атап өтіп, семинарды ашты.  Аттестаттауға жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесуді ұйымдастыру және өткізу туралы баяндамамен  Ақмола облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Темірханова Жанар Әлібекқызы сөз сөйледі.

Құқық қорғау органдарына алғаш рет орналасатын азаматтардың тестілеуден өту тәртібімен Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Братаева Райхан Ғазизқызы таныстырды.

«Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін одан әрі пайдалану мәселелері бойынша Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Тиесов Ануар Қожақанұлы сөз сөйледі.

Семинар кадр қызметтерінің өкілдері үшін ашық сұхбат алаңын құруға мүмкіндік беріп, олардың тарапынан қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 75 мемлекеттік қызметшіні қамтыды.
Департамент госслужбы

0
0
487

«Еліңде сыбайлас жемқорлық болмау үшін — оған өзің жол берме!»

А.ж. 28 наурызында  аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Адал жол – Честный путь» онкүндік жемқорлыққа қарсы марафоны брифингы Сандықтау ауданы бойынша бастау алды.

Брифингке аудандық қызмет және ведомствалық ұйымдардың басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Брифингті ашу барысында аудан әкімінің орынбасары Гүлмәр Қадырова мемлекетімізде жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімді жүргізіліп жатқанын атап өтті. Басты міндеттердің бірі болып тұрғындарды ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы бағдарламасымен таныстыру және тұрғындарды жергілікті мемлекеттік атқарушы  органдармен  институт және азаматтық қоғамдардың жұмыстарына сенімдерін арттыру.

Жемқорлыққа қарсы марафон шеңберінде аудандық бекітілген жоспарға сәйкес 27 наурыз - 12 сәуір аралығында 20 іс – шара өткізу жоспарлануда.

Аталған іс-шара шеңберінде түрлі акция, байқаулар, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездесулер, құқық қорғау орган өкілдерімен кездесулер, мемлекеттік қызметкерлермен, бизнес өкілдерімен, әлеуметтік ұйымдастырылған зерттеулер, флешмоб өткізу жоспарлануда,  аталған іс-шара аумақтағы мәселелерді тереңірек зертеуге және шешуге мүмкіндік береді.

Брифинг барысында ұйымдастырылған сұрақтар талыланып, көрсетілген іс-шаралар жауаптыларға түсіндіріліп жеткізілді.

Кездесу соңында қатысушыларға «Назар аудар, Есіңде сақта» тақырыбында парақшалар тапсырылып, жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.

Іс-шараға 70 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
444

«Адал жол — Честный путь» Сандықтау ауданында

Департамент госслужбы

2017 жылдың 27 наурызында жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафонының эстафетасын Сандықтау ауданы Зеренділік әріптестерінен қарсы алды.

Облыстық жемқорлыққа қарсы марафонын қарсы алуға Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Г. Қадырова және Зеренді ауданы әкімінің орынбасары А. Ахметов, ішкі саясат бөлімі, БАҚ және жастары қарсы алды.

«Эстафета жалауы» ретінде Сандықтау ауданына «Адал жол-Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонының 2017» кітабы табысталды. Сандықтау ауданы бойынша акция іс-шара жоспары бойынша дөңгелек үстел, флешмоб, пікірталас турнирлары, спорттық іс-шаралар, суреттер мен плакат байқаулары, жастар мен жемқорлыққа қарсы тақырыбында кездесулер ұйымдастырылуда.

Іс-шараға 30 адам қатысты.

0
0
655

Қоғамның барлық топтарын тарта отырып...

Департамент госслужбы

http://kokshegazet.kz/%d2%9b%d0%be%d2%93%d0%b0%d0%bc%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b1%d0%b0%d1%80%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d1%82%d0%be%d0%bf%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd-%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b0-%d0%be%d1%82%d1%8b%d1%80%d1%8b/

28.03.2017.

Қоғамның барлық топтарын тарта отырып…

Қазіргі уақытта Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Оның біріншісі – «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру».

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №1 «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестіден өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес құқық қорғау қызметіне түсу үшін үміткерлер заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуден, жеке қасиеттерін бағалаудан және әңгімелесуден үміткердің өтінішінде көрсетілген тестілеу бағдарламасы бойынша өтеді.

Құқық қорғау органдарына іріктеуге арналған жаңа механизм барлық органдарға бірыңғай белгіленген 3 тестілеу бағдарламасынан құралған. Заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеу кандидаттардың теориялық білімін анықтауға бағытталған.

Бірінші бағдарлама жоғары басқарушы құрамға арналған және 9 құқықтық-нормативтік актілерінен тұрады. Кандидаттарға қойылған 135 сұрақтың 95-іне дұрыс жауап беру қажет.

Екінші бағдарлама орташа басқарушы құрамның лауазымдарына нормативтік-құқықтық актілер бойынша сұрақтар бар. Аталған бағдарлама бойынша 105 сұрақ қойылады, соның ішінде 63-іне дұрыс жауап берілуі тиіс.     Екінші бағдарлама бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті айқындауға бағытталған 96 сұрақты қамтиды, орындауға 75 минут беріледі.

Үшінші бағдарлама кіші басқарушы және қатарлы құрамға арналған 5 заңнан тұрады. Бұл бағдарлама бойынша ең аз дегенде 75 сұрақтың 35-іне жауап беру қажет. Тестілеу нәтижесі бойынша сертификат беріледі, бұл құжат бір жыл ішінде жарамды. Заңнамадан тестілеу қорытындысы бойынша сертификатты алған үміткерлер екі бағдарламадан тұратын тест нысанындағы жеке қасиеттерін бағалаудан өткізеді. Бірінші бағдарламасы бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті айқындауға бағытталған 120 сұрақты қамтиды, орындау уақыты 90 минутты құрайды.

Жеке қасиеттерін бағалау бойынша арнайы қорытынды беріледі. Тес-тілеу нәтижесі бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау бойынша қорытынды үміткерлерге барлық құқық қорғау органдарында өткізілетін байқауға қатысуға құқық береді. Тестілеуден өту үшін электрондық үкімет порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алдын-ала жазылу қажет. Үміткердің өзіне ыңғайлы уақытын, өту күнін және қаланы белгілеу мүмкіндігі бар. Тестілеу Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде және оның аумақтық бөлімшелерінде өткізіледі. Процедураның айқындығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында тестілеу залдары мобильді байланысты бәсеңдету құралымен, үміткерді айқындау мақсатында кард-ридерлермен, әрбір жұмыс орны үміткерді фотоға түсіру мақсатында және тестілеу процесінің бейне жазбасын жүргізу үшін веб-камералармен жабдықталған.

Тестілеуге Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын жеке сәйкестендіру құжаты бар үміткерлер қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында XXI ғасырда дамудың басты факторы институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес екендігін айтып өтті. Елбасы алдымызға анық міндет қойды: қоғамның барлық топтарын тарта отырып, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтау және жою жөніндегі жұмысты күшейту. Бұл мәселенің ойдағыдай шешім табуы еліміздің сыбайластық пен протекционизмнен ада, жарқын болашағы толғандыратын әр азаматтың мүддесі болып табылады.

Ерлаз Жайықбаев,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департамент басшысының орынбасары

0
0
407

Пәтер кезегі, дәрі-дәрмек...

Департамент госслужбы

 

http://arka-azhary.kz/index.php/component/content/article/80-novosti/5814-p-ter-kezegi-d-ri-d-rmek 25.03.2017.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмыс үстінде

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері қоғамдық қабылдау өткізді.

Шараға аталмыш департаменттің, облыстық ардагерлер кеңесінің, жастар ресурстық орталығының және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттері, оларды жемқорлық әрекеттеріне жол бермеуге шақыру, пара беру немесе алу әрекеттері орын алған жағдайда, құқық бұзғандарға қандай жазалар қолданылатындығын түсіндіру болып табылады.

– Жемқорлық бүгінгі күннің басты проблемасы. Сондықтан, онымен күресті кешенді түрде жүргізген абзал. Оның ішінде жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған бүгінгідей танымдық, насихаттық іс-шараларды көптеп ұйымдастыру нәтиже беретіні сөзсіз, – дейді Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Жанайдар Рамазанов.

Облыс орталығындағы «РИО» сауда ойын-сауық орталығының алаңына аялдаған мобильді қоғамдық қабылдауға келгендер аз емес. Соның бірі – Станционный кентінде тұратын зейнеткер Бикеш Тапаева. Екі мүгедек бала тәрбиелеп жатқан қария он бес жылға жуық уақыт үй ала алмай жүргенін айтып қынжылды. Қарияның айтуына қарағанда, қазіргі кезде жүз жетпіс сегізінші болып үй кезегінде тұр. Осы мәселе бойынша қала әкімінің қабылдауына бірнеше рет жазылып, тиісті нәтиже шығара алмаған.

–  2003 жылдан бері үй кезегіне тіркел-генмін. Содан бері кезек ілгері жылжитын түрі жоқ. Осы мәселемен қала әкімінің қабылдауына жазылып едім. Ондағылар біз айналыспаймыз, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы құзыретіне қарайды деген желеумен шығарып салды, – дейді қария өз сөзінде.

Ал, Көкшетау қаласының тұрғыны Юрий Карпенко болса, жеңілдіктермен берілетін медициналық дәрі-дәрмектің белгіленген уақытында жеткізілмейтінін айтты. Әсіресе, қант диабетімен ауыратындар үшін ауадай қажет инсуллин тәрізді дәрілердің емхана жанындағы дәріханаларда болмауы қиындық туғызып отыр.

Бұдан соң мобильдік топ жұмысы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратының алдында жалғасты. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың өтінішітерін мұқият тыңдаған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері тіркеп, заң аясында тексерілгеннен кейін тиісті шара қолданатынын айтып сендірді.

Аслан Оспанов.

0
0
442

Мемлекеттік меншікті өңкей қызметтік мақсатта ғана пайдалануы көзделеді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы    № 153 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалғандай, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметші қызмет бабында өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсауға, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы   № 153 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 5-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерімен қызметтік әдеп қағидалары нормаларын толық және жаппай орындалды деп айтуға әзірше ертерек. Бұл туралы мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілген талдау нәтижелері дәлелдейді.

Мәселен, қызметтік автокөлікті тиімді пайдалану мәніне талдау өткізу кезінде қызметтік автокөлікті демалыс, мереке күндері, сондай-ақ жеке мақсатта пайдаланылған фактілер анықталды.

Сонда, қызметтік автокөлікпен объективтік себептер бойынша жолға шыққан фактілер бар, оны растайтын бұйрықтар мен құжаттар бар: әскерге шықырылушыларды тасымалдау, семинар, кеңестер, ауыл шаруашылық жәрмеңкелерге қатысу және т.с.с.

Аудан әкімінің жүргізуші өзінің отбасылық жағдайына қызметтік автокөлікті пайдаланылған (Астана қ. өз еркімен жол жүріп кеткен) фактісі орын алған, бұл оны «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартуға негіз болды.

Мемлекеттік автокөліктермен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған фактілерге жол берілген және де олар демалыс күндері жасалған, бұл жұмыстан тыс уақытта қызметтік автокөлікті пайдаланылғанын дәлелдейді.

Сонымен, жүргізілген талдау арқылы анықталғандай, мемлекеттік қызметшілердің көбісі өзінің міндеттерін, шектеулерін және қызметтік әдеп нормаларын сақталуын формальды түрде орындайды, бұл мемлекеттік қызметтің бейнесіне жағымсыз әсер етеді және жалпы мемлекеттік қызметке сенім жоғалту салдары болып табылады.

Осыған орай, әр мемлекеттік қызметшіге сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті сақтау және тиімді пайдалану бойынша шара қолдану қажет.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің

Ақмола облысы бойынша

департаментінің бас маманы

Әлия Жанзақова
Департамент госслужбы

0
0
470

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы

А.ж. 17 наурызда  «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында, аудан әкімі А. Мұратұлының төрағалық етуімен Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы                     А.Сыздықаев «2015, 2016 жылдарда мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның және қызметтік әдеп нормаларының сақталуы туралы» баяндама оқыды.

Сонымен қатар, Зеренді ауданы ішкі істер бөлімі бастығының кадр мәселелері жөніндегі орынбасары  М. Сатыбаев, Зеренді ауданы білім бөлімінің басшысы Ж. Уәиісов  баяндама оқыды.

Отырыс қорытындылары бойынша комисиия хаттамамен бекітілген  тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берді.
Департамент госслужбы

0
0
417