ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Адал жол» Зеренді ауданында

А.ж. 13 наурызда   «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасы Көкшетау қаласынан Зеренді ауданына тапсырылды.

Облыс орталығы мен Зеренді ауданының шекарасында салтанатты түрде Зеренді ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Э. Боканова Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А. Әміреновадан марафонның тақырыптық баннері мен фотоальбомын қабыл алды.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, ауданда конференциялар, спорттық іс-шаралар, байқаулар,дөңгелек үстелдер және т.б. шаралар өткізілетін болады.

Марафон Зеренді ауданында ағымдағы жылдың 14-26 наурызы аралығында өткізіледі.
Департамент госслужбы