ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ақмола облысының ұстаздары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ісінде бірыңғай көзқарас танытуда

А.ж. 3 наурызда Департамент басшысы Б. Беспалинов Ақмола облысы білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысына қатысты.

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған өзінің кезекті  Жолдауында бес басты басымдықты белгілегені өздеріңізге белгілі, олар: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту және институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Сонымен қатар, Елбасы өскелең ұрпақтың рөлін ерекше атап өтті. Атап айтқанда, еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуі қазақстандық жастардың қолында, сол себепті жастарға үлкен жауапкершілік жүктеледі.»  - деп атап өтті Б. Беспалинов.

Департамент басшысы өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде барлық қоғамның белсене араласуының маңыздылығы жөнінде және рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттілігіне  жиналғандардың назарын аударды

Іс-шараға 150 адам қатысты.
Департамент госслужбы