ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мәслихат отырысында Департаменттің 2016 жылғы қызметі туралы айтылды

А.ж. 29 наурызда Департамент басшысы Б. Беспалинов Ақмола облыстық мәслихатының  VIII сессиясына қатысты.

Отырыс барысында Департамент басшысы жиналғандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыспен таныстырды.

2016 жылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұжымдарымен сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне талдау жүргізудің негізгі тетіктерін  түсіндіру және  талқылау аясында 9 семинар-кеңес және 26 кездесу өткізілді.

«Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріндегі қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған белсенді шаралар қолданылды. Жұмыс барыснда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінді. 400-ден астам білім беру және ғылыми-тәжірибелік және 45 бұқаралық іс-шара өткізіліп, оларға 65 мыңнан астам адам қатысты», - деп хабарлады Б. Беспалинов.

Сөзін қорытындылай келе, Департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің оған қоғамның барлық мүшелері қатысқан жағдайда ғана тиімді болатынын атап өтті.

Департамент госслужбы