ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Персоналды басқару қызметтеріне арналған семинар ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 29 наурызында Аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасын жүзеге асыру барысы» тақырыбына  жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтеріне  арналған семинар өткізілді.

Іс-шараның модераторы - Департаменттің басшысы Б.Беспалинов іс-шараның мақсатын атап өтіп, семинарды ашты.  Аттестаттауға жататын «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесуді ұйымдастыру және өткізу туралы баяндамамен  Ақмола облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Темірханова Жанар Әлібекқызы сөз сөйледі.

Құқық қорғау органдарына алғаш рет орналасатын азаматтардың тестілеуден өту тәртібімен Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Братаева Райхан Ғазизқызы таныстырды.

«Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін одан әрі пайдалану мәселелері бойынша Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Тиесов Ануар Қожақанұлы сөз сөйледі.

Семинар кадр қызметтерінің өкілдері үшін ашық сұхбат алаңын құруға мүмкіндік беріп, олардың тарапынан қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап берілді. Іс-шара 75 мемлекеттік қызметшіні қамтыды.
Департамент госслужбы