ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Халық алдына шықты

Департамент госслужбы

А.ж. 28 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жөніндегі ақпараттық мобильді топ кезекті сапарға шықты.

«Парасыз болашаққа. Бірге!»  мобильді тобы жұмысын облыс орталығының темір жол вокзалының алаңынан бастады. Мобильді топқа назар аударған қала тұрғындарына сыбайлас жемқорлық фактілеріне кезіккен жағдайда не істеу керек, қайда жүгіну қажеттігі туралы толыққанды, анық ақпарат жазылған шағын кітапшалар таратылды.

Мобильді топтың жұмысына Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Ақмола облысы бойынша департаментінің  өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Ақпараттық мобильді топтың кезекті сапары «Greenwich» бизнес-орталығының жанында аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру жөніндегі ақпараттық мобильді топ өз жұмысын аптасына екі рет және тек облыс орталығында ғана емес, өңірлерде де жүргізетінін атап өткен жөн.