Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Еліңде сыбайлас жемқорлық болмау үшін — оған өзің жол берме!»

А.ж. 28 наурызында  аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Адал жол – Честный путь» онкүндік жемқорлыққа қарсы марафоны брифингы Сандықтау ауданы бойынша бастау алды.

Брифингке аудандық қызмет және ведомствалық ұйымдардың басшылары, мемлекеттік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Брифингті ашу барысында аудан әкімінің орынбасары Гүлмәр Қадырова мемлекетімізде жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімді жүргізіліп жатқанын атап өтті. Басты міндеттердің бірі болып тұрғындарды ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы бағдарламасымен таныстыру және тұрғындарды жергілікті мемлекеттік атқарушы  органдармен  институт және азаматтық қоғамдардың жұмыстарына сенімдерін арттыру.

Жемқорлыққа қарсы марафон шеңберінде аудандық бекітілген жоспарға сәйкес 27 наурыз - 12 сәуір аралығында 20 іс – шара өткізу жоспарлануда.

Аталған іс-шара шеңберінде түрлі акция, байқаулар, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездесулер, құқық қорғау орган өкілдерімен кездесулер, мемлекеттік қызметкерлермен, бизнес өкілдерімен, әлеуметтік ұйымдастырылған зерттеулер, флешмоб өткізу жоспарлануда,  аталған іс-шара аумақтағы мәселелерді тереңірек зертеуге және шешуге мүмкіндік береді.

Брифинг барысында ұйымдастырылған сұрақтар талыланып, көрсетілген іс-шаралар жауаптыларға түсіндіріліп жеткізілді.

Кездесу соңында қатысушыларға «Назар аудар, Есіңде сақта» тақырыбында парақшалар тапсырылып, жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.

Іс-шараға 70 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
376

Осы тақырып бойынша

«Еліңде сыбайлас жемқорлық болмау үшін — оған өзің жол берме!» - Yvision.kz