Ақмола облысының оқушылары жемқорлықсыз болашақты таңдайды!
А.ж. 11 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Ақмола облысы білім басқармасымен бірлесіп, Бурабай ауданының «Discovery Borovoe» сауықтыру орталығында «Адал ұрпақ – 2017» ерікті мектеп клубтарының облыстық слёті өтті. Слёт өткізудің негізгі мақсаты – жоғары адамгершілікті, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат пен патриотты тәрбиелеу, қалыптастыру. Іс-шара барысында слетке қатысушылармен диалог алаңы өткізілді. Өзіндік «галстуксыз кездесу» өтті. Слетке келген әрбір жас қатысушының департамент Басшысы Б. Беспалиновқа және қоғамдық бірлестіктердің басшыларына сұрақ қойып, оған қызықты, татымды жауап алуға мүмкіндігі болды. Балалар «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы тур…






