Жол бойындағы жемқорлық көріністерін азайту
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған шараларды белсенді қолдануда.
Жолдардағы жемқорлық көріністерін қысқарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар аясында көліктік бақылау, жол полициясы органдары қызметіне мониторинг жүргізіледі.
А.ж. 11 мамырда құрамында департамент қызметкерлері, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ және т.б. бар Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Бурабай-Астана тас жолының бақылау бекетінде рейдтік іс-шара жүргізді.
Рейдтік шара барысында бақылау бекетінің қызметкерлеріне және жол қозғалысының қатысушыларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне кез болған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін заңмен көзделген шаралар туралы түсініктемелер берілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы парақшалар таратылды.
