Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Бурабай ауданына барды
А.ж. 11мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Ақмола облысы филиалының директоры Ә. Баймағамбетов және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың халықпен кездесуі өтті.
Жұмыс барысында мобильді топ Қатаркөл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметшілерімен, ауыл тұрғындарымен, Бурабай ауданы әкімі аппаратының қызметшілерімен, Бурабай ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс ұжымымен кездесіп, жемқорлықтың мемлекет пен қоғамның дамуына теріс әсері туралы айтты, .
Жемқорлыққа қарсы мобильдік топ аптасына екі рет облыс орталығында және аудандарға халықпен кездесу үшін сапарға шығады.
