«Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейміз» би флешмобы
А.ж. 10 мамырда Есіл аудандық Жасөспірімдер шығармашылық үйінде «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафон аясында «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейміз» атты би флешмобы болып өтті. Акцияға 68 тәрбиеленуші қатысты, соның ішінде кәмелетке толмаған есепте тұрған балалар, №1, №2, №3 және С.Серіков атындағы ОМ балалары. Би флешмобын ашу салтанатында ЖШҮ директоры Д. Альжанова сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған басым мақсаттарының бірі – Қазақстан үшін жемқорлықты жеңу, жемқорлықпен аяусыздық және шешімділікпен күрес екені туралы айтып өтті.

