Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысының оқушылары жемқорлықсыз болашақты таңдайды!

А.ж. 11 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Ақмола облысы білім басқармасымен бірлесіп,  Бурабай ауданының  «Discovery Borovoe»  сауықтыру орталығында «Адал ұрпақ – 2017»  ерікті мектеп клубтарының облыстық слёті өтті.

Слёт өткізудің негізгі мақсаты – жоғары адамгершілікті, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат пен патриотты тәрбиелеу,  қалыптастыру.

Іс-шара барысында слетке қатысушылармен диалог алаңы өткізілді. Өзіндік «галстуксыз кездесу» өтті. Слетке келген әрбір жас қатысушының департамент Басшысы Б. Беспалиновқа және қоғамдық бірлестіктердің басшыларына сұрақ қойып, оған қызықты, татымды жауап алуға мүмкіндігі болды.

Балалар «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы туралы пікірлерімен алмасып, клубтарының  жүргізіп отырған жұмыстары туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылардың назарына «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауында жүлделі орындарды иеленген жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер ұсынылды.

Ақмола облысының белсенді жастары еліміздің болашағы жемқорлықсыз болатынына сенімдерін білдірді.

Слёт жұмысына  «Жаңару» ҚБ басшысы Ә. Баймағамбетов, «Белый блоггер» ҚБ Президенті Е. Жайықбаев,  Ақмола облысының барлық мектептерінен келген белсенді оқушылар – «Адал ұрпақ» ерікті  мектеп клубтарының өкілдері,  бұқаралық ақпарат құралдары  қатысты.

Іс-шара соңында Слёт қатысушыларына қатысқандығы жөніндегі сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

Департамент госслужбы

0
0
455

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысының оқушылары жемқорлықсыз болашақты таңдайды! - Yvision.kz