Ақпараттық-түсіндіру парақшаларын тарату акциясы
А.ж. 10 мамырда Есіл ауданының «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу жоспары аясында, Жастар ресурстық орталығы мен ақпараттық – түсіндіру материалдары тарату және орналастыру бойынша акциясы ұйымдастырылды .
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы атмосфераның қалыптасуына ықпал жасау, сыбайлас жемқорлықтың мінез-құлқын ескерту және жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылығын қалыптастыру акцияның мақсаты болып табылады.
Акцияның ұйымдастырушылары бұл акцияның “Өзіңнен баста” деген ұранмен өткізіліп жатқанын және сыбайлас жемқорлықты жою үшін қоғам болып күресу керек. Сонда ғана қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ахуал қалыптасып, осы әлеуметтік зұлымдықпен күресу шарасы жақсы нәтиже береріне сенім артуға болады деп, өз пікірлерімен бөлісті.

