Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мәселелері жөнінде мини-брифинг өтті

А.ж. 11 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Беспалиновтың, «Жаңару» ҚБ төрағасы Ә.Б. Баймағамбетовтың, «Белый Блоггер» ҚБ Президенті Е. Жайықбаевтың қатысуымен Бурабай ауданының  «Discovery Borovoe»  сауықтыру орталығында, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының өкілдерімен   жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мәселелері жөнінде мини-брифинг өтті.

Кездесу барысында атап өтілгендей, жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлық феноменінің ауқымдылығы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиеге жастар саясатының бағыты ретінде, сонымен бірге, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру факторы ретінде баса көңіл аудару қажеттілігін негіздейді.

Жастарға берілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие еліміздің даму векторы мен траекториясына қатысты,  жемқорлықты туғызатын бұқаралық санаға, құқықтық және саяси мәдениетке байланысты түпкі себептерді жою арқылы бұл проблеманың шешілуіне ықпал етеді.

Департамент госслужбы

0
0
618

Осы тақырып бойынша

Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мәселелері жөнінде мини-брифинг өтті - Yvision.kz