Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілерді екінші деңгейде аттестаттаудың қорытындысы туралы
А.ж. 17 мамырында Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің конференц-залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалиновтың қатысуымен брифинг өтті. Б.Беспалинов аймақтағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің екінші деңдейдегі кешенді аттестаттаудың қорытындысы туралы баяндады. Б.Беспалинов бірыңғай облыстық аттестаттау комиссиясында екінші деңгейде әңгімелесуден 864 қызметшінің өткенін, сонымен қатар, аттестаттау комиссиясымен 77 қызметкерге немесе 9% қатысты атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымын жоғарылатуға ұсынылу; 778 қызметші немесе 90% атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келуі; 9 қызметші немесе 1% атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес…





