Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкілхалықтық іс
«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында Есіл аудандық Тілдерді оқыту орталығында ағымдағы жылдың 14 мамыр күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкілхалықтық іс» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа жүзеге асыру механизмдерін ашып көрсету, жемқорлыққа қарсы заңнаманы қарастыру және жемқорлыққа қарсы іс – қимыл шараларын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын алу.
