Өзіңді сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғай аласың?
2017 жылғы 16 мамырда облыстық сыбайластыққа қарсы «Адал жол -Честный путь» марафоны аясында АТК №7 кітапханасында «Өзіңді сыбайластық жемқорлықтан қалай қорғай аласың?» тақырыбында диспут өткізілді. Іс-шараға 1 курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында «жемқорлық» түсінігі, оның пайда болу себептері, өзіңді сыбайластық әрекеттерден қалай сақтау жөнінде қаралды.
Сыбайластық қызмет жайындағы халықтық мақал талқыланды. «Парақор» және «Сыбайлас» тақырыбындағы бейнероликті белсенді түрде қарады. Диспут соңында студенттер «Өзіңді сыбайластық жемқорлықтан қалай қорғай аласың?» деген тақырыпқа қорытынды жасады, бұл туралы салдарын айту, ҚР заңдарын бұзбау керек екендігін, сонымен қатар аталған құбылысқа төзімділік таныту, өзіңді тәрбиелеу қажет деген тұжырымға келді.
