Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен А.ж. 16 мамырда ҚР АШМ АӨК Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының салтанат залында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Ақмола филиалының директор Ә.Б. Баймағамбетовтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаментінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) штабының аға офицеры Ә.Б. Тіржановтың, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ә.Ә. Жанзақованың қатысуымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру» тақырыбы бойынша дәріс оқылды.
Іс-шараға облыстық және аудандық инспекциялары аппаратының қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік қызметшілерге ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары түсіндіріліп, оларды мүлтіксіз орындауға талап етілді.
