«Жемқорлыққа жол жоқ!» диалогтық алаңы өтті
«Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафона аясында 2017 жылдың 19 мамырында Есіл қ. №1орта мектебінде қала мектептерінің 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыруға бағытталған «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты диалогтық алаңы өтті.
Кездесу барысында қатысушылар жемқорлық көріністерінің Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына деген теріс әсері және де онымен күрес жолдарын талқылады.
Іс-шара нәтижелері бойынша жемқорлықты әлеуметтік кемістік ретінде танып, онымен барша қоғам күресу қажеттігіне тоқталды.
