Спортшылар жемқорлыққа қарсы!
«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонды өткізу аясында 2017 жылғы 15 - 20 мамыр аралығында Красивинский ауыл округінде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне көңіл аудару мақсатында жоғарғы сынып оқушылары арасында волейболдан және футболдан жарыс өткізілді.
Жарыстың ашылуында қазақстандық жас ұрпақ – еліміздің болашағы, оның негізгі принципі мемлекеттік экономика тіршілігі үшін заманауи, әділ және гүлденген қоғам құру екені атап өтілді.
Спорттық іс-шара нәтижесінде қатысушылар сергіп, денсаулықтары біршама жақсарып қалды. Жеңімпаз командалар грамоталармен марапатталды.
