Мемлекеттік қызметшілердің ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 22 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Академияға түсу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Сонымен қатар, іс-шараға Аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының қызметкерлері мен тыңдаушылары қатысты.
Іс-шара барысында Академияның қызметі, халықаралық ынтымақтастық мәселелері, оқыту бағдарламалары туралы Академияның жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректор А.А. Ахметов сөз сөйледі.
Түсетін мерзімдері мен кезеңдері туралы Академияның Академиялық бағдарламалар орталығы басшысының орынбасары А.Т.Абжанов хабарлады.
Іс-шараға 75 мемлекеттік қызметші қатысты. Кездесуге қатысушылардың қойған сұрақтарының барлығына жан-жақты жауап берілді.

