Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті
2017 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау шараларының нәтижелері жөнінде департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Әділбек Қайырболатұлы Мұхамеджанов сонымен қатар, салық қызметі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуға бағытталған шаралар туралы Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары - Алимов Қанат Темиргалиұлы сөз сөйледі.
Сонымен бірге, бағыныстағы салада мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндамамен Енбекшілдер ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Назгул Халелқызы Қулағнанова, Есіл қаласының әкімі - Ғазиз Мұхитұлы Айтмұхамбетов, Щучинск қаласының әкімі - Бегахмет Сабыржұлы Махметов тындалды.
Іс-шара қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.
