Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жемқорлыққа қарсы!
А.ж. 28 қарашада Көкшетау қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас практикумы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р. Братаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Исмагамбетова, НЗМ оқытушылары, оқушылары, Департамент қызметшілері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
Практикум пікірталас және оқушылар мен Департамент өкілдері арасындағы ашық диалог түрінде өтті.
Практикумға қатысушылар 4 топқа бөлініп, белгіленген уақыт ішінде «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» ұғымының, Неге қоғамда «тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» мәдениетін құру мұнша маңызды болып табылады?» сынды және т.б. сұрақтардың мағынасын ашуға тырысты. Дайындықтан соң өз жобаларын қорғады. Бұл кезде көрермен ретінде залда отырған балалар мен Департамент өкілдері арасында сұхбат өрбіді.
Балалар қонақтарға басшы болу үшін қандай қасиеттер керек екені, Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын қалай жүргізіп отырғандары туралы, мемлекеттік қызметшінің қандай болуыф тиіс, т.б. сұрақтарды қойды.
Практикум жайдары, көңілді өтті, шараға қатысушылар әрқашан адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге өз мүмкіншіліктері арқылы жетуге тырысу керек екндігі жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды.
