Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапалы болуы– тұрмыстық жемқорлықты жоюдың кепілі
А.ж. 24 қарашада 2017 жылға арналған Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарға сәйкес Департамент Сандықтау және Бұланды аудандарында «Ветеринариялық – санитарлық сараптама саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараларда Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы, қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы, ветеринария бөлімдері мамандары мен басшылары, аудандық ветеринарлық дәрігерлері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.
Департамент қызметкерлерімен және кездесу қатысушыларымен мемлекет пен қоғам өміріндегі түрлі салалардағы орын алатын жемқорлық көріністерін, олардың себептері мен шарттарын жоюға бағытталған шаралар жөнінде, сондай-ақ, мемлекеттік органдарда жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу, баяндады, жемқорлық көріністерін азайту және жоюға, азаматтардың жергілікті атқарушы органдарға сенімін арттыру бойынша қолданылып отырған шаралар жөнінде баян етті.
