Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жақсы және Атбасар аудандарына жұмыс сапары

А.ж. 6 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қары іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы және қызметкерлері Жақсы және Атбасар аудандарына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында Б.Беспалинов Жақсы ауданы, Атбасар ауданы, Белағаш, Жаңақима, Борисовка ауылдары әкімдері аппараты қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ, аудандардың Халыққа қызмет көрсету орталығы, мемлекеттік кірістер басқармаларына, ішкі істер бөлімдері мен көші-қон бөлімдеріне, тіркеу-емтихан бөлімі мен «Атбасар» кедендік постына барды.

Сонымен қатар, аталған ауылдық округтері әкімдіктерінде азаматтарды жеке мәселелері ойынша қабылдау жүргізді.

Іс-шаралар барысында Департамент басшысы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет имиджін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігі мәселелеріне ерекше назар аударды.

Қорытындылай келе, ведомство басшысы кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, сапалы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру қоғам мен мемлекеттің бірлесе әрекетіне байланысты екенін атап көрсетті.

Рабочая поездка в Жаксынский и Атбаарский районы

06 декабря т.г. состоялась рабочая поездка руководителя и сотрудников Департамента Агентства РК по делам государственной службы и противодействия коррупции по Акмолинской области в Жаксынский и Атбасарский районы.

В ходе визита Б.Беспалинов встретился с сотрудниками аппаратов акимов Жаксынского и Атбасарского районов, с.Белагаш, Борисовка, Жанакиима, а также посетил Центр обслуживания населения данных районов, районные отделы внутренних дел, отделы миграции, управления государственных доходов, районный регистрационно-экзаменационный отдел и таможенный пост «Атбасар».

Также, проведен прием граждан по личным вопросам в акиматах сельских округов.

В мероприятиях глава Департамента уделил особое внимание формированию антикоррупцинной культуры, повышению имиджа государственных служащих и качеству оказания государственных услуг, их доступности для людей с ограниченными возможностями.

В завершении руководитель ведомства ответил на вопросы участников, которые возникали в ходе встречи и отметил, что формирование качественного госаппарата напрямую зависит от совместных усилий общества и государства.

0
0
327

Осы тақырып бойынша

Жақсы және Атбасар аудандарына жұмыс сапары - Yvision.kz