«Бір адым жақын...»
Ағымдағы жылдың 24 қарашасы күні жолдарда, поездарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу аясында «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы кезекті сапарға шықты.
Департамент қызметкерлері мобильді топ мүшелерімен бірлесіпадамдар көп жиналатын жерлерде азаматтармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мобильді топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барысында қолданатын тәсілдерді түсіндірді, азаматтарға құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «мүлде төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша өңірде жүргізіліп отырған жұмыс туралы баяндады.
Сонымен қатар, қызметкерлер мен азаматтарға «Сыбайлас жемқорлық фактілеріне кез болған жағдайда не істеу керек, қайда жүгіну керек?» сынды сұрақтарға жауап берілген ақпараттық парақшалар үлестірілді.
Іс-шара барысында мобильді топ темір жол вокзалына, автовокзалға, Көкшетау қ. халыққа қызмет көрсету орталығына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
