Мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
2017 жылғы 28 қарашада Көкшетау қаласы әкімі аппаратының ғимаратында Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұжымы, өңірдің спорттық мектептері директорлары, дене шынықтыру және спорт бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері Д.Каконов қатысты.
Кездесу барысында Д.Каконов тыңдаушылардың назарын ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарына, жемқорлық көріністерінің барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың әдістеріне аударды.
Кездесу соңында жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
Кездесуге 50 астам тыңдаушы қатысты.
