Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында қойған стратегиялық міндеттерді орындау үшін мықты мемлекеттік аппарат қажет. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар артуда.
Атап айтқанда, қойылған міндеттерді орындау үшін мемлекеттік қызметші өзінің білім деңгейін жетілдіріп, біліктілігін арттыру, қайта даярлау және тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болуы қажет.
Әрбір мемлекеттік қызметшіні оқыту тұрақты сипатта болуы қажеттілігі сөзсіз, яғни «базалық» білім нәтижесінде алған білімдерін жаңарту және өзінің кәсіби қызметінде қолданатын жаңа білімдер алу мақсатында оның кәсіби мансабының ағымында жүзеге асырылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі білім берудің бір түрі болып табылады. Тағылымдама мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның жолдауы бойынша жұмыс орнынан тыс жерде, кәсіби білім мен тәжірибе жинақтау мақсатында, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өту ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік қызметші оның қызметінің функционалдық бағыттарына сәйкес мемлекеттік органдарда, оның ішінде жоғары тұрған (төмен тұрған) органдарда, ұйымдарда, сондай-ақ шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі мүмкін.
Тағылымдаманың мерзімі мемлекеттік орган бекіткен кестелерге сәйкес үш айдан аспайтын мерзімге белгіленеді. Тағылымдамадан өтудің ең аз мерзімі – 5 күн.
Тағылымдама – жұмыс тәжірибесін жинақтау, теориялық білімдерді бекітудің түрі. Әр тағылымдама жұмысқа пайдалы әсерін тигізетін оң тәжірибе беруі мүмкін. Алынған дағдылар мен білімдер жас маманның өсіп, жетілуіне берік негіз жасайды.
Жеке жоспар тағылымдаманың ажырамас бөлшегі болып табылады, онда дамудың мақсаттары мен тағылымдамадан өтушінің нақты әрекеттерінің тәртібі көрсетіледі. Олар өз кезегінде тағылымдамадан өтуші қызметкердің орындауына бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда тағылымдама маманның кәсіби беделін арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тек қызметкердің өзіне ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік ведомство үшін де маңызды.
Тағылымдаманың қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметшілер білімдерін тиянақтап, оларды одан әрі жұмыста қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар қалыптастырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті
Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы
Баямбаева Айнұр Серікқалиқызы
Кездесу барысында С. Беккажанова тыңдаушылардың назарын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысына, сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдеріне аударды.
А.ж. 16 тамызда 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Департамент тарапынан Ақкөл және Шортанды аудандарында «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, соның шінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстелдер өткізілді.
А.ж. 15 тамыз күні Департамент қызметкерлері Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер аудандарында «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, соның шінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізді.
Ағымдағы жылдың 3 тамызында «Аршалы ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығы» КММ-де «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонының аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
2017 жылғы 4 тамызда Михайловский ауылдық округі «Адал жол –Честный путь» марафоны эстафетасын қабылдады: мемлекеттік қызметкерлердің, округ мекемелері өкілдерінің қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында жиналыс өтті.
Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол- Честный путь» марафонын іске асыру жоспары аясында 2017 жылдың 5 тамызында Волгодонов селолық округінде Волгодонов селолық округі әкімі Ж.Д.Кусельбаевтың төрағалығымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!!» атты дөңгелек стөл өтті, сондай-ақ іс-шараға селолық округ мамандары, мұғалімдер, медицина қызметкерлері және округ тұрғындары қатысты.
В рамках плана мероприятий по реализации районного антикоррупционного марафона «Адал жол- Честный путь» 5 августа 2017 года в Волгодоновском сельском акимате прошел круглый стол «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!!» под председательством акима Волгодоновского сельского округа Кусельбаева Ж.Д., в котором также приняли участие специалисты акимата сельского округа, учителя, медицинские работники и жители округа.
Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Бұлақсай ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты Жоқ дейміз!» тақырыбында жиылыс өтті.
А.ж. 2 тамызда Орталық аудандық кітапханада «Адал жол-Честный путь» аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын іске асыру бойынша жоспар шаралары шеңберінде «Сыбайлас-жемқорлық-ғасыр дерті» дөңгелек үстелі болып өтті. Дөңгелек үстелде кітапхана жұмысшылар, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер, білім саласы қызметкерлері, қоғам мен бизнес өкілдері қатысты.