Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Адал жол – Честный путь» жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Ағымдағы жылдың 3 тамызында «Аршалы  ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығы» КММ-де «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонының аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкеге  Аршалы ауданындағы  бос жұмыс орыны  бар жұмыс берушілер шақырылды: «Аршалы ауданы қорғаныс істері бөлімі» ММ – 2 бос орын, Аршалы АЭЖ – 4  бос орын,  «КазШпал» АҚ – 30 бос орын,  «Lomuang» ЖСШ – 3 бос орын, ЖК «Сыздыкова К.Ш.» - 2 бос орын, «Ижевское» ӨК – 12 бос орын, «аршалы ауданының мәдениет үйі» МКҚК – 2 бос орын.

Жұмыс іздеушілерге төмендегідей бос орындарға: аспаз, краншы, күзетші, жүргізуші, құрылысшы мамандықтары бойынша ұсынылды. Төменгі санаттағы мамандарға  арнаулы дайындықты қажет етпейтін: формашы, электромонтер,  слесарь, елді мекендерді абаттандыру жұмысшылары сияқты  бос жұмыс орындары үсыналды.

Өткізілген жәрмеңкенің нәтижесінде қатысқан 23 адамның 19-ы ауданымыздағы өнеркәсіп орындары мен шаруашылықтарына жұмысқа орналасты.

0
0
406

Осы тақырып бойынша

«Адал жол – Честный путь» жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі - Yvision.kz