«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»
Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол- Честный путь» марафонын іске асыру жоспары аясында 2017 жылдың 5 тамызында Волгодонов селолық округінде Волгодонов селолық округі әкімі Ж.Д.Кусельбаевтың төрағалығымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!!» атты дөңгелек стөл өтті, сондай-ақ іс-шараға селолық округ мамандары, мұғалімдер, медицина қызметкерлері және округ тұрғындары қатысты.
Дөңгелек стөлді өткізудің басты мақсаты - қоғаммен кездесу өткізу және жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсыныс жасау, тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы және заң үстемдігі мәдениетін қалыптастыру.
Дөңгелек стөл пікір талас түрінде өтіп, қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың себебі мен салдары, онымен күресудің жолдарын талқылады.
Қортындылай келе, селолық округ әкімі жемқорлыққа қарсылық білдіру- әрбір азаматтың міндеті екенін айтып өтті, өйткені қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін емес.
