Жемқорлықтың алдын алу
А.ж. 16 тамызда 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Департамент тарапынан Ақкөл және Шортанды аудандарында «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, соның шінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбындағы дөңгелек үстелдер өткізілді.
Іс-шараларға бөлім басшылары мен мамандары, ауылдық округтердің әкімдері, кәсіпкерлер, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелерін, мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуын, және т.б. мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Департамент қызметкері мен кездесуге қатысушылар мемлекет өмірі мен қоғамның түрлі салаларында кездесетін жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды мейілінше азайтуға және жоюға, жергелікті атқарушы органдарға халықтың сенімін арттыруға бағытталған жүйелі шаралар туралы айтылды.
