«Сыбайлас жемқорлыққа нақты Жоқ дейміз» тақырыбындағы отырыс
Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Бұлақсай ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты Жоқ дейміз!» тақырыбында жиылыс өтті.
Бұлақсай ауылдық округінің әкімі Ж.Д.Дюсембеков жиналғандарға алғысөзінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының кейбір ерекшеліктерін атап өтті.
Сондай-ақ, қатысушылар осындай іс-шара, кездесулер өткізу барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу маңыздылығын атап өтті.
Отырысқа мемлекеттiк қызметкерлер, «Нұр Отан» пртиясының мүшелері, тұрғындар және жастар қатысты.
