Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр азаматтың міндеті
А.ж. 2 тамызында Анар селолық округінің әкімі Д.Черновтың төрағалығымен, жергілікті әкімдіктің ғимаратында ауыл тұрғындарының, мемлекеттік қызметкерлердің және т.б. қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әр азаматтың міндеті» атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп отырған жұмыс жөнінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі аспектілері», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының жүзеге асырылуы» тақырыптарындағы баяндамалар оқылды. Белсенді мүшелер дөңгелек үстел тақырыбы мен мақсатының тереңдігін және маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік қызметкерлер арасында, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жалпы қоғам болып жол бермеу, індеттің жолын кесу әрбір азаматтың парызы екендігін баса айтты. Дөңгелек үстел қор…
А.ж. 31 шілдеде Турген ауылдық округі әкімдігінде жемқорлық түсінігі мен жасалу механизмдерін ашып көрсету, сондай-ақ, жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар өкілдері мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлық орын жоқ» өзекті тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
«Жолдарда жемқорлық деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ашық келісімді жүзеге асыру, сондай-ақ, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықбұзушылықтың барлық түрлеріне «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен қалалық «Троечка» такси қызметімен бірлесіп тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы ақпараттық парақшаларды тарату бойынша жұмыс жүргізілуде.
А.ж. 7 тамызда Департаменттің Жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы Д.Каконов Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы қызметкерлерімен «Жемқорлыққа қарсы қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізді.