Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы

А.ж. 17 тамызда Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Семинарға   Департамент  қызметкері С. Беккажанова қатысты.

   

Кездесу барысында С. Беккажанова тыңдаушылардың назарын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысына,  сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудың  әдістері мен тәсілдеріне аударды.

Сонымен қатар, Департамент өкілі ұжымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі мен құқық бұзушылықтардың барлық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған жұмыстың 2015 жыл бойынша қорытындыларымен таныстырды және қазіргі уақытта жұмыстың сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күреске емес, оның алдын алуға бағытталғаны туралы айтты. Кездесу соңында С. Беккажанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.Іс- шараға 54 адам қатысты.

Іс-шара соңында сауалнама жүргізілді

 
0
0
468

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық басымдығы - Yvision.kz