Жолдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекет пен қоғам бірге
А.ж. 25 тамызда Департаменттің бастамашылығымен Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру орталығында «Жолдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың себептері мен жағдайлары, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер мәдениетіне қатысты мәселелер қарастырылатын болады, сонымен қатар, жолдардағы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту бойынша ұсыныстар әзірленді.
Статистикаға жүгінсек, 2016 жылдан осы уақытқа дейін Петропавловск, Астана, Атбасар, Красный Яр ауылы бағыттарында 53 622 әкімшілік құқық бұзушылық орын алған.
Талдауларды талқылау нәтижелері бойынша жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына әкеп соғатын себептер мен жағдайлардың тиісті талдауы жасалып, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірленгенін атап өту керек. Instagram және Facebook интернет-ресурстарында жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері қамтылған нұсқаулар жарияланды, сонымен қатар, Ақмола облысының Ішкі істер департаментімен бірлесіп, аталған нұсқаулықтарды жол қозғалысына қатысушылар арасында тарату жұмысы жүргізілуде.
Мәселелерді жан-жақты талқылау және талдау нәтижелерімен таныстыру мақсатында Facebook танымал әлеуметтік желісінде барлық қолданушыларға қолжетімді топ құрылды, аталған топта қазіргі уақытта да ағымдағы мәселелер талқылануда.
Сонымен қатар, Көкшетау қаласының танымал видеоблоггері Дани Капаров өзінің kokshevideogram интернет-парақшасында «Қай жерде жол-көлік оқиғасы көп болады?» деген сауал қойып, бұл сауалды талқылауға 71 қала және облыс тұрғыны қатысты.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның жолдардағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмысын жалғастыру керек деген шешімге келді.
А.ж. 24 тамызда М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасы ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастауымен «Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени, діни және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
А.ж. 23 тамызда Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ә.Қ.Мұхамеджановтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік қызмет көрсетудің негізі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
А.ж. 22 тамызында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ әрекеттесу аясында Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті базасында «Ашық есік күні» өткізілді.
А.ж. 18 тамыз күні Департамент қызметкерлері жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың құрамында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Ардагерлер емханасы» ұжымымен кездесіп, жемқорлықтың мемлекет пен қоғамның дамуына теріс әсері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.
Департамент мемлекетік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік сатып алу саласында тауарлар мен қызметтерді сатып алу бағасын жоғарылатуына мониторинг жүргізіледі.
А.ж. 18 тамызда «Ақмола облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Ақмола облысының аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жемқорлықтың алдын-алудың басты механизмдері» тақырыбында кездесу өтті.
А.ж. 17 тамыз күні Зеренді және Сандықтау аудандарда «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, соның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында кезекті аудандық дөңгелек үстелдер өтті.
А.ж. 7 тамызда аудандық кітапханада «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу аясында «Мздоимство и взяточничество в произведениях классиков» тақырыбында тақырыптық кітап көрмесі және библиографиялық шолу өтті.
А.ж. 7 тамыз күні Аршалы және Ерейментау аудандары шекарасында орналасқан Ақсуат а. «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны эстафетасын Ерейментау ауданына салтанатты табыс етілді.